15.03.2026, 9:55
Оқылды: 22

Жәнібектік кейуана өз таңдауын жасады

Жәнібек ауданы Жақсыбай ауылдық округіндегі №152 дауыс беру учаскесінде референдумға қатысушылар қатары үзілер емес. Мұнда жастармен қатар, өмір тәжірибесі мол қазыналы қарттар да келіп, өз таңдауларын жасауда.

WhatsApp Image 2026-03-15 at 10.05.58

88 жасты алқымдаған Насіпканым Бактыгереева да маңызды саяси науқаннан тыс қалмай, дауыс беруге арнайы келді.

– Сексеннің сеңгіріне шықсам да, үйде тыныш отыра алмадым. Соңымнан ерген ұрпаққа үлгі болсам деймін. Ел Президенті референдум жариялады дегенді естігенде халықпен санасатын көшбасшымыз бар екеніне шүкір айттым. Халықпен санасқан Президентіміз барда біз даму жолынан жаңылмаймыз. Ең бастысы елдің тыныштығы, – дейді ардақты ана.

 

Бану Самат

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале