Ақсай қалалық №91 сайлау учаскесінде референдум жалғасуда. Аталған учаскеде “AMANAT” партиясы, “Дауыс” қоғамдық байқаушылар коалициясы, “Жария” және “Ақсай-Қамқор” қоғамдық бірлестіктерінен байқаушылар болды.


Өз дауысын беруге туған күн иесі Айнагуль Уразгалиева мен Дәулетбай Кульсейтов келіп, өз таңдауларын жасады. Қызылтал ауылының екә тұрғыны да бүгін 55 жасқа толып жатыр.
Туған күн иелеріне №91 референдум учаске төрағасының орынбасары Меңдібай Утегенов арнайы сыйлықтарын табыстап, бүгінгі жеке меншік мерекелерімен құттықтады.
Аталған учаскеге “Ақсайгазсервис” АҚ компаниясының жұмысшылары да келіп өз дауыстарын берді.
Айдана Абдрахманова,
Бөрлі ауданы
