15.03.2026, 10:14
Оқылды: 17

Сайқында ел шебін күзеткен шекарашылар да белсенділік танытты

Сайқын ауылы аумағындағы №53 референдум учаскесінде дауыс беру науқаны белсенді түрде өтуде.

FB_IMG_1773544508615

Жұмыс режимі күн-түн, мереке дегенге бағынбайтын шекарашыларымыз да бүгінде әдеттегідегі елең-алаңнан жұмысына асықты. "Орда" шекара заставасының әскери қызметшілері де шекара шебіне аттанбас бұрын референдум учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады.

photo-output
Әсіресе шекара шебінде ел қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген шекарашылардың белсенділігі ерекше атап өтуге тұрарлық. Олар қызметтік міндеттерімен қатар, ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан шет қалмай, азаматтық борыштарын жауапкершілікпен орындап жатыр.

Анар Артықбай

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале