15.03.2026, 10:23
Оқылды: 27

Сырымдық дәрігерлер дауыс берді

Бүгін Сырым ауданы орталығындағы №291 референдум учаскесінде аудандық аурухана ұжымы өз таңдауларын жасап, дауыс беруге келді. Дәрігерлер, орта буынды медицина қызметкерлері түгел келіп, учаскедегі белсенділікті жаңа деңгейге көтерді.

PHOTO-2026-03-15-09-51-12

Ақ халатты абзал жандар азаматтық белсенділік танытуда үнемі алда. Кеше ғана ҚР Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған аудандық спартакиадада да жүлдегер қатарынан көрінген денсаулық жанашырлары бүгін референдумға да команда болып келді.

Қадыр мектебінде орналасқан учаскелік комиссияның мәліметінше, сағат 09:20-ға дейін 168 сайлаушы дауыс берген. Жалпы учаскеге 1729 бюллетень берілген.

PHOTO-2026-03-15-09-51-11

Сондай-ақ жасының үлкендігіне немесе денсаулық жағдайына байланысты үйден дауыс бергісі келетін азаматтардың өтініштері қабылдануда. Мұндай өтініштерді комиссия түскі сағат 12:00-ге дейін қабылдайды.

Референдум учаскесіне келген тұрғындар өздерінің азаматтық борыштарын орындап, маңызды қоғамдық-саяси шараға белсенді қатысып жатыр.

Қоңдыкер Елеуов
Сырым  ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале