Республикалық референдумға Жәнібек ауданының әкімі Тимур Шиниязов алғашқылардың алды болып келіп, жанұясымен дауыс беріп, өз таңдауын жасады.

Референдум учаскесіне арнайы келген аудан басшысы, азаматтық борышын орындап, ел болашағы үшін маңызды саяси науқанның маңыздылығын атап өтті.

«Референдум – халықтың пікірін білдіретін маңызды демократиялық үдеріс. Әр азаматтың таңдауы – елдің ертеңіне әсер ететін маңызды қадам. Аудан тұрғындарының белсенділігі үшін ризашылығын білдірді. Бұл – болашақ ұрпақ алдындағы ортақ жауапкершілігіміз», – деді Тимур Серікұлы өз сөзінде.

Референдум күні аудандағы барлық учаскелерде дауыс беру ұйымдасқан түрде өтіп, тұрғындар белсенділік көрсетуде.
Арай Сейфолла,
Жәнібек ауданы