Жаңақала ауылдық округіндегі №3 ЖОББ мектебінде орналасқан №113 референдум учаскесінде таңғы уақыттан бастап халық қарасы қалың, тұрғындар өз таңдауларын жасауға асығуда.

Дауыс беру тәртіпке сай ұйымдастырылып, комиссия мүшелері тұрғындарды қабылдауды жүйелі түрде жүргізуде. Азаматтар тіркеуден өтіп, бюллетень алып, белгіленген кабиналарда дауыс беруде. Аталған учаске бойынша 1644 сайлаушы тізімге енген, қазірге дейін 160 тұрғын дауыс берді.
Тұрғындардың көптеп келуі ел өміріндегі маңызды саяси науқанға бейжай қарамайтынын аңғартады. Әсіресе, әртүрлі жастағы азаматтардың белсенділігі байқалады.
Райхан Хамзина,
Жаңақала ауданы