Казталов ауылындағы №220 учаскесінде 86 жастағы ақ жаулықты Ұлжан Қойшина келіп, дауыс берді. Әр азаматтың дауысы маңызды екенін көрсеткен әже референдумда өз таңдауын жасады.
Учаскелік комиссия ардақты әжеге сыйлық табыс етіп, құрмет көрсетті. Бұл сәт жастарға үлгі, әр азаматтың дауысы ел болашағына үлес екенін еске салатын ерекше оқиға болды.
Гүлнұр Бөлешова