15.03.2026, 12:02
Оқылды: 17

Теректіде референдумға қатысушылардың белсенділігі жоғары

Бүгінгі жексенбі өзінің ерекшелігімен есте қалатын болды. Ауыл тұрғындары ала таңмен өз таңдауларын жасау үшін референдум учаскесіне қарай бет алды. Теректі ауынының №387 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады. Аталмыш учаскеге тұрғындар ағылып келуде. Әр қайсысы өз таңдауларын жасап жатқан халықтың қарасы қалың.

PHOTO-2026-03-15-11-01-10

Отбасымен келіп дауыс берді

PHOTO-2026-03-15-11-01-10

Долин ауылында таңертең ауыл тұрғындары белсенділік танытып, алғашқы болып Жұмабековтер отбасы келіп дауыс берді. Сондай-ақ Ерғалиевтер отбасы да өз таңдауларын жасады. Ауыл тұрғындары референдумға жауапкершілікпен қарап, учаскеге келіп азаматтық борыштарын орындауда.

Өз таңдауын жасады

PHOTO-2026-03-15-11-01-10

Референдум учаскесіне келіп дауыс берушілер қатары көбеюде. Ұжыммен, отбасымен, тіпті көршілер болып дауыс беріп жатқандар бар. Солардың арасында Шаған ауылдық округінің №389 сайлау учаскесіне 18 жасар  Жангүл Тухтарова алғашқы рет дауысын беріп, өз таңдауын жасады. Еліміздің болашағына сеніммен қараған Жангүл секілді жастар бүгін өз таңдауларын жасауда.

Аудан әкім өз таңдауын жасады

PHOTO-2026-03-15-11-01-10

Күн шуағын шашып, ауа-райы тамаша әсер беруде. Теректі ауынының №387 сайлау учаскесіне аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова келіп өз таңдауын жасады. Теректіліктер референдум учаскесіне барып белсенділіктерін танытуда.

Қ. Саясатова, Т.Тоқмамбетов, Ә.Ғазизова, Л.Халина

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале