Казталов ауданы, Көктерек ауылындағы №257 референдум учаскесінде ерекше сәт орын алды. Құрманғазы көшесінің тұрғындары – ауылдың арулары учаскеге арнайы келіп, барша жұртты кешегі Амал мерекесімен құттықтай отырып, өз дауыстарын берді.

Ұлттық дәстүрді дәріптеген тұрғындар ақжарма тілектерін айтып, бір-бірімен көрісіп, ел бірлігі мен берекесін тілеп, маңызды саяси науқанға белсенді қатысуда.
Осындай игі дәстүр мен азаматтық белсенділік референдум күнінің маңызын арттыра түсуде.
Гүлнұр Сәуірғалиқызы,
Казталов ауданы