Сайқын ауылындағы Орда көшесінің тұрғындары бірлі-жарым жүрмей, тұтас көше боп, бірге келіп, өз таңдауларын жасады.

Еңбек ардагері, заманында депутат боп, елдік мәселені көтерген Зейнеп Абдрахманова бастаған ордалық тұрғындардың жас-кәрісі бірге кеп, дауыс беріп, бірге жәрмеңкені аралап, жоқтарын түгендеп, қауқылдасып, бірге қайтты.
Референдумға ұжыммен келгендер де көп. Мәдениет саласының қызметкерлері де осы топ боп, жанұясымен келіп, дауыс бергендер санатынан.
Анар Артықбай,
Бөкей ордасы ауданы