Жаңақала аудандық №127 референдум учаскесінде дауыс берушілердің белсенділігі байқалады. Таңғы уақыттан бастап тұрғындар келіп, өз таңдауларын жасауда. Дауыс берушілердің қатарында аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев та бар.

Айта кету керек, референдум Наурыз мейрамының онкүндігімен тұспа-тұс келіп отыр. Осыған орай №127 референдум комиссиясының мүшелері ұлттық нақыштағы киімдер киіп, мерекелік көңіл күймен қызмет атқаруда. Дауыс беруге ұлттық киіммен келген қариялар бар.

Сонымен қатар учаске алдында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылып, тұрғындарға жергілікті өнімдер ұсынылуда. Бұл шара референдум күніне ерекше мазмұн беріп, тұрғындардың бірлігін арттыра түсті.
Сыйлыхан Жұмасалық,
Жаңақала ауданы
