15.03.2026, 12:30
Оқылды: 13

«Мерейлі отбасы» иегерлері таңдау жасады

Шаһардағы №50 орта мектептегі №428 сайлау учаскесінде қалалық «Мерейлі отбасы-2025» қалалық байқауының жеңімпазы Досқалиевтер әулеті дауыс берді.

WhatsApp Image 2026-03-15 at 13.30.50

Ұлттық нақышта киінген өнегелі отбасы Амал мерекесімен құттықтап, келушілермен амандасты. Ұл-қыздарының қызығын көріп, олардан немере-жиен сүйіп отырған ақсақал Мұханбет Досқалиев еліміздегі басты саяси өзгеріске бейжай қарамайтынын жеткізіп, референдумға жанұя мүшелері толық келгенін айтты. Ақсақалдың ұлы Асқар Сағынғали таңдау жасауға әкесі Мұханбет ағай бастап келгенін сөзіне өзек етті.

Жанұя мүшелері дауыс берген соң сайлау комиссиясы оларға естелік сыйлық табыс етті.

Нұрым Ғұмар,

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале