15.03.2026, 13:10
Оқылды: 16

Референдум шеруіне тазышылар қосылды

Сырым ауданындағы референдум шеруіне тазышылар қосылды.

PHOTO-2026-03-15-12-06-25

Тазы – саят өнерінің сұлу өкілі, жігіттіктің салтанаты.
Бүгін Сырым ауданындағы ит салып, аң қағып жүрген жігіттер референдум учаскесіне адал серіктерін ертіп келді.

PHOTO-2026-03-15-12-06-26

“Жеті қазынаның біріне баланған” киелі мақұлықты асырап, қырға шығарып, аққа салып ас жеген, қызылға салып тымақ киген азаматтар ауданда жетерлік.
- Босағамда тазы жатқалы 5 - 6 жыл болды. “Маска” және “Самұрық” деген шашаққұлақты қос тазым бар. Олжасыз емес. Биылдыққа он шақты қоянды қуырдақ қылдық. ХХІ ғасырдағы қазақ жігітінің де домбырасы, жүйрік аты және құмай тазысы болуы керек деп ойлаймын. Даланың дәстүрі ғой! - дейді бүгінгі күннің салы, әнші - термеші, балуан Сәлімжан Әубәкіров.

Референдумға келген халық тазыларды тамашалап, сүйсінуде.

Бауыржан Ширмединұлы
Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале