Ел тағдырын айқындайтын маңызды саяси науқанда байқоныстық көршілер жеке азаматтық ұстанымын ғана емес, сонымен бірге ежелден келе жатқан көршілік татулығы мен ауызбіршілігін де паш етті.
Байқоныс ауылындағы №196 референдум учаскесінде дауыс берушілер арасында Сырым Датұлы көшесініңтұрғындары ерекше көзге түсті. Олар бұл күнді жай ғана саяси шара емес, ел болашағы жолындағы ортақ жауапкершілік деп біліп, учаскеге бір топ болып, көршілерімен бірге келді.
«Біз бір көшеде тұратын тату көршілерміз. Бұл күнде оң өзгерістерден қалыс қалмай, ұрпағымыздың ертеңі үшін бірге келіп дауыс беруді жөн санадық. Осындай бірлік бар жерде ғана береке болады», — дейді ауыл тұрғындары. Жақсы үрдіске новенкиліктер де қосылды. Байқоныс ауылдық округіне қарасты Новенкий ауылындағы №198 референдум учаскесінде Оборонная көшесінің тұрғындары ерлі-зайыпты Абай мен Айгүл Шумбаевалар да көршілерімен бірге келіп, өз таңдауын жасады. Тату көршілер референдумның мемлекет дамуындағы стратегиялық маңызына тоқталып, әсіресе осы күні бірлік таныту басты тұрақтылық негізі екенін айтады.
Г. Баделова,
Бәйтерек ауданы