Бөкей ордасы ауданына қарасты Ұялы ауылындағы «Мейірім» аналар тобы мен «Тұмар» келіндер клубының мүшелері де бір үйдің баласындай бірге келіп, таңдау жасады.

Бұл клубтар тек саяси науқандарда төбе көрсететіндер қатарынан емес. Ұялыда өткен игі іс, қайырымдылық шараларының басы-қасында осы клубтардың мүшелері жүретіні анық. Белсенді ұстаз Шынар Сабирова жетекшілік ететін «Мейірім» клубы, Алмагүл Бегишанованың жетекшілігімен жұмыс жасайтын «Тұмар» клубының құрылғанына алты жылдан астам уақыт болыпты.

Анар Артықбай
Бөкей ордасы ауданы