15.03.2026, 14:45
Оқылды: 28

Педагогтар ел дамуына бейжай қарамайды

Ел болашағының іргетасын қалайтын білім саласының қызметкерлері де бүгінгі республикалық референдумда белсенділік танытуда.

photo-output

Переметныйдағы Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің ұжымы №155 сайлау учаскесіне ұйымшылдықпен келіп, өз таңдауларын жасады.
Айта кетейік, бүгінгі таңда бұл білім ұясында 352 оқушы білім алып, 47 білікті ұстаз бен 32 техникалық қызметкер, яғни ұжымда жалпы саны 79 адам еңбек етуде. Ұжымның басым бөлігі саяси науқанның алғашқы сағаттарынан-ақ референдум учаскелеріне келіп, дауыстарын берген.
Мектеп директоры Жанаргүл Байгубенова бұл саяси іс-шараның тәрбиелік мәніне тоқталып, педагог мәртебесі мен азаматтық позицияның ұштасуы маңызды екенін атап өтті.
—Біздің ұжым үшін референдумға қатысу — жай ғана конституциялық құқық емес, бұл — үлкен азаматтық жауапкершілік. Мектеп — мемлекеттің болашақ азаматтарын тәрбиелейтін киелі шаңырақ. Сондықтан, әрбір педагогтың референдумға келіп, өз таңдауын жасауы — өскелең ұрпаққа, шәкірттерімізге көрсетілген нақты үлгі. Біз ел дамуына бейжай қарамайтын, қоғамның белсенді мүшесі екенімізді осындай сәттерде дәлелдеуіміз керек. Білім мен тәрбиенің негізі — мемлекетшілдікте, ал мемлекетшілдік бүгінгідей бірлік күнінде көрініс табады, — деді мектеп басшысы.

Салтанат Зұлқарнаева
Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале