15.03.2026, 15:18
Оқылды: 19

Тоқсанға таяған шопанның таңдауы – жастарға үлгі

 

Жәнібек ауданының орталығындағы №136 референдум учаскесінде ерекше үлгі боларлық жағдай орын алды. Ауыл шаруашылығы саласында ұзақ жылдар бойы табанды еңбек етіп, шопан ретінде ел ырысын арттыруға үлес қосқан 87 жастағы ақсақал Әбу Жұмаев дауыс беруге арнайы келіп, өз таңдауын жасады.

WhatsApp Image 2026-03-15 at 14.33.34

Өмірін еңбекпен өрнектеп, мал шаруашылығы саласында маңдай терімен елге қызмет еткен ардагер шопанның ширақ қимылы мен сергек көңілі учаскедегі жұртты тәнті етті. Қолына таяқ ұстап келген қарияның қадамы нық, жүзінен елге деген жанашырлық пен жауапкершілік айқын байқалады.

Торқалы тоқсан жасқа таяған қарияның ел ертеңіне бейжай қарамай, саяси науқанға келіп қатысуы – шын мәнінде үлкен өнеге. Бұл – адал еңбекпен елге қызмет еткен буынның ел тағдырына әрдайым бейжай қарамағандығығой.

 

Арай Сейфолла,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале