15.03.2026, 15:26
Оқылды: 76

Оралдық “Сәулем-ай” әжелер ансамблі  сайлау учаскесінде ән шырқады

Оралдағы №27 орта мектепте орналасқан №475 сайлау учаскесінде “Сәулем-ай” әжелер ансамблі ән шырқады.

WhatsApp Image 2026-03-15 at 15.10.44 (1) WhatsApp Image 2026-03-15 at 15.10.43

“Сәулем-ай” әжелер ансамблінің құрылғанына биыл 4 жыл толады екен. Құрамында түрлі салада еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан күміс көмей әнші 12 ақжаулықты бар. Олар киіз үй алдында ұлттық әндерді шырқағанда, келуші азаматтар елең етіп, көңілдері көтерілді. Ансамбль мүшесі Айсұлу Отарғалиева еліміздегі әрбір адамның дауысы маңызды екенін айтты. Саналы ғұмырын ұстаздық қызметке арнаған 71 жастағы ақжаулықты көктем мерекесіне орай тілегін айтып, ақ батасын берді

Аталған сайлау комиссиясының төрайымы Шынар Сағыналиеваның айтуынша, учаскеге тіркелген сайлаушы саны - 1466. Тұрғындар республикалық референдумға белсене қатысуда.

 

Нұрым Ғұмар,

Орал өңірі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале