15.03.2026, 15:29
Оқылды: 199

Ұлттық мәдени орталықтар референдум учаскесінде өз таңдауларын жасады

Бүгін “Марычка” украин ұлттық мәдени орталығының мүшелері №424 және "Березка" орыс ұлттық мәдени орталығының мүшелері №425 референдум учаскелеріне келіп, ел болашағына қатысты маңызды саяси науқанға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасады. Ұлттық мәдени орталық өкілдері азаматтық жауапкершілікті жоғары деңгейде сезініп, қоғамдық-саяси өмірге бейжай қарамайтындарын көрсетті.

WhatsApp Image 2026-03-15 at 15.14.21

Референдум учаскесіне келген орталық мүшелері алдымен тіркеуден өтіп, белгіленген тәртіп бойынша дауыс берді. Олардың айтуынша, мұндай маңызды сәттерде әр азаматтың пікір білдіруі елдің дамуына қосқан үлесі.
“Марычка” украин ұлттық мәдени орталығының жетекшісі Надежда Алиева бұл күннің маңыздылығына тоқталып:
-Бүгін біздің орталықтың мүшелері референдум учаскесіне арнайы келіп, өз таңдауларын жасады. Бұл – әр азамат үшін маңызды күн. Біз Қазақстандағы түрлі этностардың бірлігі мен татулығын жоғары бағалаймыз. Сондықтан елдің болашағына қатысты шешімдерге белсенді қатысуды өз міндетіміз деп санаймыз. Қазақстан – біздің ортақ үйіміз, оның дамуына әрқайсымыз өз үлесімізді қосуымыз керек, – деп атап өтті.
Айта кету керек, ауданымыздағы ұлттық мәдени орталығының мүшелері мәдени шараларға ғана емес, елдегі маңызды қоғамдық-саяси бастамаларға да белсенді түрде қатысып келеді. Бүгінгі референдумға қатысу да соның бір айқын көрінісі.

Светлана Байтенова,
Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале