15.03.2026, 15:34
Оқылды: 22

Туған күн маңызды таңдаумен есте қалды

Жаңақала аудандық №128 референдум учаскесіне бүгін туған күн иесі Сауле Тулепова да өз таңдауын жасауға келді. 1 мамыр көшесіндегі көпқабатты үйдің тұрғыны үшін бұл күн - оның жеке мерекесі. Десе де, қонақтығы мен шаруасын тастап, ел қатарлы референдумға қатысқан ауыл тұрғыны құрметке лайық.

WhatsApp Image 2026-03-15 at 14.29.46

- Туған күнімде референдумға қатысып, өз таңдауымды жасадым. Дауыс беру барысында учаске төрағасы Қуат Имашев құттықтап, Бауыржан Ғұбайдуллиннің “Намыс найзағайы” - атты кітабын сыйға ұсынды. Қуаныштымын! Ел болашағы — әрқайсымыздың дауысымызға байланысты. Өзгеріс әрқайсымыздан басталады, - дейді мерейтой иесі.

Ақерке Мәлікқызы

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале