15.03.2026, 15:50
Оқылды: 226

Шыңғырлаулық жас отбасы таңдау жасады

Аудан тұрғындары референдум учаскелеріне барып, дауыс беруде.Қазыналы қарияларымыз халыққа ақ жарма тілегін жолдауда. Жас отбасылар бала-шағасын да ертіп барып, бұл саяси науқанның тұтас ел үшін, оның кішкене бөлшегі өздері үшін де аса маңызды екенін ұғына білуде.

WhatsApp Image 2026-03-15 at 16.47.24

Аудандық № 422 референдум учаскесіне екі ұл тәрбиелеп отырған ауданымыздың жас мамандары мемлекеттік "Дипломмен ауылға" бағдарламасының қатысушылары Мақсотовтар отбасы балаларымен келді. Дауыс беру құқығы болмаса да, ата-аналары оларды референдум учаскесіне әдейі алып келген. Өйткені, ел болашағы үшін маңызды шарадан қалыс қалмасын депті. Дауыс беру орнындағы мамандар бұл жанұяның белсенділігіне риза болды. Жантөре аудандық балалармен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы болса жұбайы Альбина "Айгөлек" балабақшасында әдіскер болып,абыройлы қызмет атқаруда.
-Референдумға біз отбасымызбен келдік. біз үшін бұл өте маңызды. Біз сияқты жас отбасылар өзгерістер күтеміз. Болашаққа сенеміз,-дейді олар.
Жарасым тапқан жанұя балаларын мейірім мен қамқорлыққа бөлеп,еліміз үшін маңызды шараға қатысуы қуантады.

Светлана Байтенова,
Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале