15.03.2026, 16:01
Оқылды: 22

«Ортақ мүдде үшін атсалысуға дайынбыз»

Үлкен Шаған ауылдында орналасқан №175 референдум учаскесінде де тағы сағат 7-ден бері қарбалас. Осы жерден дауыс беретін азаматтар белсенді түрде келіп жатыр. Олардың арасында ауыл шаруашылығы, мұнай-газ салаларының ұжымдары да бар.

image-15-03-26-03-33-3

Ең бірінші болып келіп дауыс берген Айжан Батықова Колесов елді мекенінде тұрады. Көшім арнаулы әлеуметтік көмек көрсету орталығында еңбек ететін ол референдумға келуді өзінің азаматтық парызы санайды. Осындай саяси науқандардан қалмауға тырысады.

Аталмыш референдум учаскесінің төрағасы Әлия Ғұмарова арнайы сыйлықты сондай-ақ, Гүлнар Сейітқалиеваға да берді. Бүгін - оның туған күні екен. 53 жасқа толуда. Переметный ауылының тумасы болып табылатын ол алты жылдан бері Үлкен Шағанда тұрады.  Сайлау, референдуға тұрақты түрде қатысып жүр.

image-15-03-26-03-33-6

Референдумға «КазТрансОйл» АҚ Үлкен Шаған мұнай айдау бекенің ұжымы да келіп, өз таңдауларын жасауда. Аталмыш кәсіпорын өкілі Манарбек Хайруллиннің айтуынша, бекетте 25 адам жұмыс істейді. Олар есептен шығару куәлігі (открепительное удостоверение) негізінде кезекпе-кезек келіп дауыс беруде. Бұл мұнай-газ саласының мамандары ел болашағына жауапкершілікпен қарап, азаматтық борыштарын абыроймен орындап жатқанын көрсетеді.

Аудандағы ірі ауыл шаруашылығы құрылымының бірі болып табылатын «Колесов» АШӨК қызметкерлері де референдум учаскесіне келді. 129 адам мүше болып табылатын АШӨК негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Коопеартив қызметкері Марат Қиясовтың сөзіне қарағанда, «Ауыл аманаты» жобасына қатысып 28 бас ірі қара, 3 техника алған. «Біз де — қоғамдағы өзгерістерге бей-жай қарамай, ортақ мүдде үшін атсалысуға дайынбыз» дейді Марат Қиясов.

image-15-03-26-03-33

Айта кетейік, №175 референдум учаскесінде дауыс беретін азаматтар саны - 1353, олардың 45-і үйден дауыс беруге өтініш жасаған.

 

Серік Маратұлы,

Бәйтерек ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале