Қазіргі уақытта №75 референдум учаскесінде комиссия мүшелері аудан халқын қарсы алып, әрбір көше тұрғынының дауыс беруіне жағдай жасауда.

Аталмыш учаскесінің байқаушысы Гүлзат Темірханқызының айтуынша, дауыс беруге келген аудан тұрғындарының көңіл күйі көтеріңкі, халық ел болашағына бейжай қарамай, әркім өз азаматтық таңдауын саналы түрде жасап жатыр. Дауыс беру барысында ешқандай заң бұзушылықтар тіркелмеген. Референдум барлық заң талаптары мен халықаралық стандарттарға толық сай, ашық әрі әділ жағдайда өтуде.

Біз тілдескен Бақыт Сәрсенбаева, Раушан Жүсіпқалиева мен Рысгүл Поляковалар да саяси науқанның қалыпты, құқықбұзушылықсыз өтіп жатқанын айтады.

Жалпы алғанда, бүгінгі референдум барысын байқауға 44 байқаушы ниет білдірген екен. Оның 22-сі "AMANAT" партиясынан болса, қалғандары "Нарын жастары" ҚБ, ардагерлер ҚБ-інен және "Дауыс" байқаушылар коалициясынан.
Ақсәуле Алжанова,
Бөкей ордасы ауданы