15.03.2026, 16:45
Оқылды: 23

Переметныйлықтар дауыс беріп, сауда жасап, концерт тамашалады

Республикалық референдумға орай Переметныйдың орталығында ауыл шаруашылығы жәрменкесі өтіп, жергілікті өнерпаздардың концерті, ұлттық спорттық ойындар ұйымдастырылды.

image-15-03-26-04-18-1

​Аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінен алынған мәліметке қарағанда, жәрменкеге 15 шаққты тауар өндіруші келген. Олардың ішінде Зеленый, Белес, Переметный, Байқоныс, Рубежин, Дариян ауылдық округтарының және оралдық кәсіпкерлер бар. Тауарөндірушілер сүт, ет, жұмыртқа, балық, бал, көкөніс пен бақша дақылдыры секілді шамамен елу шақты азық-түлік түрлері саттыққа шығарған.

image-15-03-26-04-18-7

Оралдан келген жеке кәсіпкер Нұрлы Ерғалиеваның айтуынша, ол он шақты жылдан бері ауданда өтетін түрлі жәрменкелерге қатысып келеді. Көбіне ет, сүт өндерін сатады. Сауданы қыздыра білетін бәйтеректіктерге риза.
​Осы жәрменкеде переметныйлықтар, әсіресе Рубежин ауылының бақша және көкөніс өнімдерін жақсы алды. Себебі сөредегі тауарлардың көбі - «Рубежинское» АШӨК-тың өнімдері. Яғни жергілікті өнім әрі бағасы арзандау. Кооператив құрылтайшысы Вера Рубцова баға еліміздегі бүгінгі үлкен саяси науқанға және Наурыз мерекесіне орай төмендетіліп отырғанын мәлімдеді.

image-15-03-26-04-18-4
​-«Наурызнама» он күндігінің екінші күні - Қайырымдылық күні» болып табылады ғой. Соған орай қазір сауда жасап болған соң Перметныйдағы қарттар үйіне картоп, қырық қабат, пияз, сәбіз, қызылша секілді көкөніс өнімдерін бір-бір қаптан тегін беріп кетемін,-дейді Вера Рубцова.

image-15-03-26-04-18-8
​Ал концертте Жанболат Мусағалиев, Жеңіс Қасымов, Мейірбек Жанболат және халық «Шежіре» фольклорлық ансамблі өнер көрсетті. Содан соң жастар асық ату, ләңгі тебу, арқан тартыс, қол күрес секілді ұлттық ойындардан сынға түсті.

Серік Маратұлы
Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале