Сырым ауданы, Бұлан ауылдық округінің тұрғыны Халима Мұхамбетжанова қаңтардың бірінші жұлдызы Құдай нәсіп еткен 99 жасқа толды.

1941 жылы соғыс басталған Халима анамыз 14 жаста болған екен. Бірер күнде есейіп, еңбекке араласып, күндіз өгізді қосарлап жегіп жер жыртты. Ол - түнде шам жарығымен шұлық - қолғап тоқып, майданға көмек жіберген батыр қыз, дүниеге 10 перзент әкелген батыр ана.
Содан да болар, Халима әже бүгінгі бейбіт күннің бағасын басқалардан артық біледі және ылғи тыныштыққа тәубе ету керектігін айтып отырады.
Бүгін Халима Мұхамбетжанова таңдауын үйден жасады. Қарияның дауысын N294 учаскелік референдум комиссиясының мүшелері қабылдады.
Кейуана азаматтық таңдауын жасап, кейін меймандарына батасын берді.
Бауыржан Ширмединұлы,
Суретті түсірген Айман Өтеғалиева
Сырым ауданы