
Аудандық аурухананың басшысы Дәурен Көкенов саяси науқан аясында жанұясымен бірге өз таңдауын жасады.
Ол отбасымен бірге келіп, тиісті рәсімдерден өтіп, бюллетень алып, таңдауын белгіледі. Қоғам денсаулығын қорғау жолында қызмет етіп жүрген медицина саласының өкілі үшін мұндай маңызды сәттерде азаматтық жауапкершілік таныту айрықша мәнге ие.
Айта кетейік, оның жұбайы Әсемгүл Нарегей де аудандық ауруханада учаскелік дәрігер болып еңбек етеді. Медицина саласында қызмет атқаратын бұл отбасы қоғамға адал еңбегімен танылып келеді.
Райхан Хамзина