Казталов ауылындағы №219 референдум учаскесінде дауыс беру науқаны заң талаптарына сай, ашық әрі сабырлы жағдайда өтіп жатыр. Учаскеде байқаушы ретінде “Жария” жергілікті қоғамдық бірлестігінің өкілі Мэлс Султанмахмутович Залиев бақылау жүргізуде.

Байқаушының айтуынша, учаскедегі дауыс беру процесі талапқа сай ұйымдастырылған.
– Байқаушы ретінде референдум учаскесіндегі комиссия жұмысына бақылау жүргізіп отырмын. Жалпы, учаскедегі комиссия мүшелерінің есебі мен байқау нәтижелері бір-біріне сәйкес келеді. Дауыс беру тәртібі сақталған, барлығы ашық әрі заң аясында өтуде, – деді байқаушы.
Жалпы, №219 референдум учаскесінде тұрғындардың белсенділігі байқалып, ауыл азаматтары келіп өз таңдауларын жасауда.
Ернәсіл Рысқалиев,
Казталов ауданы