15.03.2026, 16:38
Оқылды: 326

Жігерлі жастар жарқын болашаққа сенеді

Еліміз үшін маңызды саяси қадам бүгінгі референдум болып отыр. Бұл - халықтың өз таңдауын жасап, ел дамуына тікелей қатысатын маңызды қадамы. Референдум арқылы азаматтар ел Конституциясына енгізілетін жаңа өзгерістерді қолдап, елдің ертеңіне өз қолдауын көрсетіп жатыр. Халық даналығында «Кеңесіп пішкен тон келте болмайды» дейді. Яғни, маңызды шешімдер халықтың пікірін ескере отырып қабылданғанда ғана берекелі болмақ. Осындай маңызды сәтте Шыңғырлау ауданының белсенді жастары да референдумнан тыс қалмады. Бірнеше дүркін облыс чемпионы атанып жігерлі жастар жарқын болашаққа сенеді.

WhatsApp Image 2026-03-15 at 17.32.52

Еліміз үшін маңызды саяси қадам бүгінгі референдум болып отыр. Бұл - халықтың өз таңдауын жасап, ел дамуына тікелей қатысатын маңызды қадамы. Референдум арқылы азаматтар ел Конституциясына енгізілетін жаңа өзгерістерді қолдап, елдің ертеңіне өз қолдауын көрсетіп жатыр. Халық даналығында «Кеңесіп пішкен тон келте болмайды» дейді. Яғни, маңызды шешімдер халықтың пікірін ескере отырып қабылданғанда ғана берекелі болмақ. Осындай маңызды сәтте Шыңғырлау ауданының белсенді жастары да референдумнан тыс қалмады. Бірнеше дүркін облыс чемпионы атанып жүрген ауданымыздың мақтанышы - «Бөкенбай батыр» көкпаршылар командасының жігіттері де №419 референдум учаскесінде дауыс берді. Жігерлі жастар бұл жауапты сәтке сәйгүліктерін міне келіпті. Жылқының әлдісі мен жігіттің әбжілі меңгеретін қиын спортта жеңістерімен танылған топтың бұл қадамы жастардың елдік мәселеге бейжай қарамайтынын көрсетті. Жастар ел болашағына қатысты маңызды шешімге өз таңдауын жасап, азаматтық белсенділіктің үлгісін танытты.

WhatsApp Image 2026-03-15 at 17.32.54
«Ел тағдыры – ер тағдыры» дейді дана халқымыз. Сондықтан елдің ертеңі үшін әр азаматтың дауысы маңызды. Көкпар алаңында намысты қолдан бермейтін спортшылар бұл жолы да елдік мүддені бірінші орынға қойып, референдумға қатысып, жаңа өзгерістерді қолдады. Бұл- олардың тек спортта ғана емес, қоғам өмірінде де белсенді екенін дәлелдей түсті.
Референдум- елдің дамуы мен жаңаруы үшін қажетті маңызды қадам. Ал оған белсенді қатысып, азаматтық ұстанымын білдірген жастар- ел болашағының берік кепілі. Бірлігі бекем, болашағына сенімді халық қашанда биік белестерді бағындырады. «Бірлік бар жерде- тірлік бар» деген сөздің мәні де осында.

 

Нұрғали Сабыров,
Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале