15.03.2026, 18:47
Оқылды: 12

Тасқала ауданы: Мерей ауылының келіндері бірге келіп дауыс берді

Бүгін Тасқала ауданына қарасты Мерей ауылында да референдумға қатысу белсенді өтуде. Ауылдың бір топ келіндері референдум учаскесіне бірге келіп, өз таңдауларын жасап, ел өміріндегі маңызды саяси науқанға үлес қосты.

70baf9ca-aadf-4241-8d86-e12fb74bb01d

Қазақ қоғамында келіннің орны ерекше. Ол – отбасының ұйытқысы, берекенің бастауы, ұрпақ тәрбиесінің негізі. Сондықтан Мерей ауылының келіндерінің бірлесе келіп дауыс беруі олардың тек отбасы тіршілігімен ғана шектелмей, қоғам өміріне де белсенді араласатынын көрсетеді.

d6ccc175-eef7-4489-8fcb-bc7d28c8ba02

Ауыл келіндері бүгінгі таңдау ел болашағы үшін маңызды екенін айтып, бірлік пен ынтымақтың үлгісін көрсетті. Бірге келіп, азаматтық міндеттерін атқарған келіндердің бұл қадамы – ауылдағы ұйымшылдық пен ауызбіршіліктің айқын көрінісі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале