15.03.2026, 19:26
Оқылды: 10

«Мемлекет үшін маңызды науқаннан қалыс қалуға  болмайды»

Тарихы сан қатпарлы Бөкей ордаы ауданының қалыптасып дамуына маңдай терілері сіңген еңбек ардагерлері  бүгінгі референдумда  үйден дауыс берді.

IMG-20260315-WA0259

«Елімнің амандығы, жұртымыздың тыныштығы маңызды.  Мұндай ел үшін маңызды сәтте ешкім тыс қалмауымыз керек. Біз осындай азаматтық ұстаныммен өмір сүрдік» - дейді үйден дауыс берген еңбек ардагері, көпбалалы ана Ырысханым   Мұсатова.
Айта кетсек, аудан бойынша үйден дауыс беруге 857 сайлаушыдан өтініш түскен.

Анар Артықбай
Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале