Бүгін ел өміріндегі маңызды саяси оқиғалардың бірі –референдум өтіп жатыр. Аяқталуына санаулы сағаттар қалды. Осы айтулы күнде Лиза Губашева көшесінің тұрғандары бірліктерін көрсетіп, өз азаматтық құқықтарын пайдаланып, таңдауын жасады.

Қоғамдық өмірге белсенді қатысудың үлгісін көрсеткен аталмыш көше тұрғындары жиналған халыққа үлгі бола білді. Кейбіреулер дауыс беруге бүкіл отбасы болып келсе, енді бірі жеке келіп жатты. Байыппен қолындағы қағазын оқыған ақ жаулықты әже де, орта жастағы ерлі-зайыптылар да осы жерден табылды. Олардың айтуы бойынша, көше тұрғындары болып, бүгінгі күнді жоспарлап, арнайы осы уақытта келіп тұр. Өз болашақтары үшін қадам жасаған көршілер қауымы басқада тұрғындарға хабардар етіп, таңдау жасауға шақырғандарын айтты. Бәріміздің тілегіміз бір. Ол еліміздің тыныштығы мен болашағы, - дейді көршілер.
Ақерке Мәлікқызы
Жаңақала ауданы