18.03.2026, 15:45
Оқылды: 78

Қаратөбеліктер ұлттық киімдерін киіп орталық алаңда сап түзеді

Бүгін Қаратөбеде Наурыз мерекесі аясындағы 18 наурыз - «Ұлттық киім күніне» орай аудан орталығындағы мекемелер басшылары мен қызметкерлері ұлттық киімдерін киіп орталық алаңда сап түзеді.

IMG_0280

IMG_0308

Сап түзеген қаратөбеліктер алдында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Ғабит Ғазиев халқымыздың ұлттық киімдері туралы әңгімелеп, ұлттық киім тарихының тереңде жатырғанын айтып, мерекелік іс-шараға қатысушыларды Ұлыстың Ұлы күні наурыз мейрамымен құттықтады.

IMG_0298

–  Біз, ұлттық киімді тек мерекеде ғана емес, күнделікті киіп жүруге дағдылануымыз керек. Мереке құтты болсын. Ұйымшылдық танытып,  іс-шараға белсене қатысқандарыңызға үлкен ризашылығымды білдіремін, - деді Ғабит Талаптанұлы.

IMG_0291

Ұлттық киім киінген ұжымдар қызметкерлері алаңнан аудандық кітапхана жүйесі ғимаратына дейін барып, алаңға қайта оралып, естелік суретке түсті.

IMG_0309

Мерекелік іс-шараға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшы Мәулен Салахаден, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұртас Сафуллин қатысты.

 

                                                Ерболат Райсов,

                                                 Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале