18.03.2026, 16:00
Оқылды: 73

«Ұлт рухы: тарих пен өрнек»

Дәл осынддай атаумен бүгін Жайық арена спорт кешенінде Ұлттық киім күніне арналған атты театрландырылған мәдени шара өтті.

WhatsApp Image 2026-03-18 at 14.48.39
Шараға облыс әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев арнайы қатысып, оның маңыздылығына тоқталды. Ол өз сөзінде ұлттық киім – халықтың болмысы мен рухани кодының ажырамас бөлігі екенін атап өтіп, мұндай бастамалардың ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі зор екенін жеткізді.

WhatsApp Image 2026-03-18 at 14.48.36 (1)

Сонымен қатар мереке қарсаңында өңірдің бірқатар дизайнерлері облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің атынан алғысхаттармен марапатталып, олардың ұлттық өнерді дамытуға қосқан үлесі жоғары бағаланды.

WhatsApp Image 2026-03-18 at 14.48.30 (1)
Кеш шымылдығы сахналанған әсерлі қойылымдармен ашылды. «Көк бөрі» композициясы арқылы түркі жұртының еркіндік рухы мен тарихи тамыры көркем бейнеленсе, «Көктем қызғалдағы» арқылы табиғаттың жаңғыруы мен өмірдің үйлесімі нәзік жеткізілді. Әрбір сахналық көрініс көрерменді ұлттық дүниетанымның тереңіне жетелеп, ерекше әсер қалдырды.

WhatsApp Image 2026-03-18 at 14.48.32
Ауқымды шара барысында Ақтөбе және Батыс Қазақстан облысының дизайнерлері ұсынған заманауи этностильдегі сән топтамалары да көпшіліктің назарын аударды. Шеберлер дәстүрлі нақыштарды заманауи үрдістермен үйлестіре отырып, ұлттық киімнің жаңа тынысын ашты. Әрбір туындыдан ата-баба мұрасына деген құрмет пен жаңашылдыққа деген ұмтылыс айқын байқалды.

WhatsApp Image 2026-03-18 at 14.48.31
«Ұлт рухы: тарих пен өрнек» – Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған Наурызнама онкүндігі аясындағы ең мазмұнды әрі әсерлі шаралардың бірі болды. Бұл күні ұлттық киім тек эстетикалық құндылық қана емес, халықтың тарихы мен мәдениетінің, рухани әлемінің жарқын көрінісі ретінде дәріптелді.

Гүлжамал Жолдығали,

"Орал өңірі"

WhatsApp Image 2026-03-18 at 14.48.35WhatsApp Image 2026-03-18 at 14.48.31 (1)

WhatsApp Image 2026-03-18 at 14.48.32 (1)

WhatsApp Image 2026-03-18 at 14.48.28

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале