18.03.2026, 18:00
Оқылды: 20

Наурыз мейрамы қарсаңында қосымша пойыздар қосылады

Наурыз мейрамын мерекелеу кезеңінде халықтың теміржол тасымалдарына деген жоғары сұранысын қанағаттандыру мақсатында қосымша пойыздар тағайындалып, ең сұранысқа ие бағыттарда орын саны арттырылатын болады, - деп жазады Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі

_gluster_2026_3_18_4c79c628b6b711b3a495daa1b99513d0_1280x720

Сурет: gov.kz

Атап айтқанда, стандартты жолаушылар вагондарынан құралған 22 рейске 3 қосымша пойыз тағайындалды:

  • №201/202 «Алматы-2 – Астана-1»;
  • №204/203 «Нұрлы жол – Шымкент»;
  • №205/206 «Ақтөбе – Нұрлы жол».

Сонымен қатар, жолаушылар ағыны жоғары бағыттар бойынша қолданыстағы пойыздарға қосымша 230 тіркемелі вагон қосылды.

Қала маңы тасымалдары желісі бойынша Астана – Павлодар, Шу – Тараз, Астана – Атбасар, Астана – Курорт-Бурабай, сондай-ақ Қарағанды – Балқаш бағыттары бойынша 11 қосымша рейс ұйымдастырылды және Қарағанды – Балқаш бағытына 6 тіркемелі вагон қосу қарастырылған.

Жалпы Наурыз мейрамы күндері жолаушылар үшін қосымша шамамен 45 мың орын ұсынылатын болады.

Сонымен қатар, еліміздің бірқатар теміржол вокзалдарында шағын мерекелік іс-шаралар өткізу жоспарлануда, оның ішінде жолаушыларға дәстүрлі ұлттық тағамдар ұсыну, тақырыптық фотозоналар орнату және мәдени қойылымдар ұйымдастыру қарастырылған, бұл Наурызды мерекелеу күндері жолаушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлауға мүмкіндік береді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале