19.03.2026, 11:30
Оқылды: 11

Батыс Қазақстанда ауыл әкімі рульге масаң күйде отырған

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданында ауыл әкімінің рульге масаң күйде отырғаны белгілі болды, - деп жазады kaz.inform.kz.

Asian men are breaking the traffic rules by holding a bottle of beer and drinking while driving.

Фото: istockphoto.com

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен Чапаев ауылы маңында көлік құралын алкагольдік масаң күйде басқарған жүргізуші анықталған.

— Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Материалдар сотқа жолданды, — деп хабарлады ведомстводан.

БҚО сотының баспасөз қызметі істің сотқа түскенін жеткізді.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале