21.03.2026, 22:59
Оқылды: 6

Қаратөбеде Наурыз тойы тойланды

Қаратөбе ауданының орталық алаңында Әз-Наурыз мерекесіне орай «Наурыз думан» атты концерттік бағдарламасы ұйымдастырылды.

WhatsApp Image 2026-03-21 at 22.33.39 (10)

«Көктемнің келуімен бірге жер бетіне шаттық пен шапағат әкелетін, ырыс пен ынтымақтың, берекемен бірліктің мерекесі – Ұлыстың ұлы күні, Әз-Наурыз!».
Орталық алаңдағы әсем безендірілген сахнаға Қыдыр ата шығып жиналған халыққа осылай ақ батасын арнады.

WhatsApp Image 2026-03-21 at 22.33.39 (12)
Көктемнің нәзік самалындай құлпырған Көктем арулары жиналған жұртшылыққа әсем тілектерін арнап, жұмбақ жасырып, қазақы нақышта киініп келген қонақтарға сыйлықтар берді.

WhatsApp Image 2026-03-21 at 22.33.39 (3)
Сән салтанаты келіскен мерекелік шарада әншілер көрерменнің көңілін көтеріп ән шырқады. Алдымен сахна төріне көтерілген Кенжегүл Мәлдуова «Сарыарқа» әні мен қазақ әндерінен попурри орындады.
Концерттік бағдарламаға Орал қаласынан арнайы келген қонақтар Алтынбек Базаров «Жалғыз сен», «Әдемі», «Үрбибі» әндерін, Назира Хибашева «Сен ғана», «Жаным», ретро әндерден попурри орындаса, Елжас Мағзом «Махаббатым жайлы жазбас едім мен», «Ұялшақ ару», «Роза гүл» әндерін, Тарас Жауынбаев «Маржан қыз», «Бәрі оралады» әндерін шырқап көрермендер қошеметіне бөленді.

WhatsApp Image 2026-03-21 at 22.33.39 (8)
Қаратөбе жұртшылығына кеңінен танымал Байтеміровтер отбасы тыңдармандарға «Қазағымның қыздары-ай» әнін нақышына келтіре шырқады.
Ән сүйер көременге жергілікті әншілер Тұрарбек Қыдырғалиев «Маған ұнаған», «Қызғалдақ», «Арт Тайм» үйірмесінің өрендері «Пай-пай жігіттерім», «Сәйгүлік» әндерін, Нұргүл Нұрбекқызы «Бара беріңіз», Қуаныш Дүйсекеш пен Нұргүл Нұрбекқызы «Қолымнан ұста» әнін, Рүстем Ақташев «Білгіңіз келсе қазақты» әнін, Нұржан Салауат «Қыздар-ай» әнін орындап берді.
Шара барысында мерекелік концертке жиналған көрермендер арасында лоторея ойнатылып түлі сыйлықтар мен бас жүлдеге тігілген мотоцикл ұтысқа шығарылды.
Кеш соңы мерекелік отшашуға ұласты.

Серікбай Хасанов

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале