22.03.2026, 13:08
Оқылды: 12

«Ұлт бірлігі – болашақ кепілі»

Дәл осындай атаумен аудандық «Достық» үйінде Ынтымақ күні аталып өтті. Ынтымақ күні – халықтар достығы мен өзара сыйластықтың мерекесі. Бүгінгі мерекелік шарада әр ұлттың мәдениеті мен өнері бір шаңырақ астында тоғысты. Бұл күн - халықтың бірлігін нығайтып, ұлттық рухты көтеретін, дәстүр мен жаңашылдықты ұштастыратын маңызды мерекелік кезең.

656923941_3243057522542786_3898980749851432755_n

Аталған шараның ашылуына аудан әкімі Әлия Биғазықызы қатысып, Ораза айт мерекесімен және Наурыз мерекесімен жиналған жұртшылықты құттықтап сөз сөйледі.

654321944_3243057962542742_1310457391359226572_n
Ынтымақ күні аясында ұйымдастырылған көрмеде балалар шығармашылық шеберханасының қолданбалы өнері, жас кәсіпкердің заманауи ұлттық бұйымдары жиналған қауым назарына ұсынылып, сонымен қатар әр этнобірлестік өкілдері өз мәдениетімен таныстырды.

654796790_3243057999209405_6149828420475506688_n
Мерекелік шараның жоспарына сай ұйымдастырылған “Бірлік бояулары” атты оқушылар арасында өтетін сурет салу байқауы басталғаннан кейін аталмыш шара мерекелік концертке ұласты.

654831855_3243058022542736_4102450670017236233_n
Жиын барысында аудандық мәслихат төрағасы Әлжан Нұрғалиев және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Қазиев мерекеге орай жүрекжарды тілектерін жеткізіп, қатысушылар әр ұлт өкілдерінің асханасынан дайындалған мерекелік дастарханда бас қосты.
Ораза айт пен Наурыз мерекесі тұспа - тұс келген бұл мейрамға толы күні жиналған қауым “елімізде бейбітшілік, молшылық болсын” деген шынайы пейілін білдірді.

654678036_3243057882542750_7434279688114838427_n
Мереке аясында өткізілген байқау соңында балалар марапатталып, сыйлықтар табысталды.
Атап өтейік, 2024 жылдан бастап Наурыз мерекесін лайықты түрде атап өту мақсатында 14-23 наурыз аралығында Наурызнама онкүндігі жарияланып, әр күн белгілі бір тақырыпқа бағытталған болатын. Теректі ауданында бұл мерекелі күндер белсенді аталып өтуде.

Қаламқас Саясатова

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале