23.03.2026, 7:54
Оқылды: 102

Шыңғырлау ауданында Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтті

Шыңғырлау ауданында «Асан Қайғы» кіші ескерткішінің алаңында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына арналған «Қош келдің, Наурыз думан!» атты театрландырылған мерекелік шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

image-23-03-26-01-59-9

Мерекелік іс-шараға аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев қатысып, жиналған қауымды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, елге амандық, береке мен бірлік тіледі.

image-23-03-26-01-59-2

Шара барысында аудан тұрғындары ұлттық нақышта безендірілген киіз үйлерде жайылған ақ дастарханнан дәм татып, қазақтың ұлттық спорт түрлері бойынша өткен жарыстарға белсене қатысты. Сонымен қатар, көпшілікке ұлттық салт-дәстүрлер дәріптелген көріністер ұсынылды.

image-23-03-26-01-59

Мерекелік бағдарлама ауданның көркемөнерпаздарының ән мен күйге толы концерттік бағдарламасымен қорытындыланды.

image-23-03-26-01-59-7

Наурыз мейрамы – жаңару мен жақсылықтың бастауы, татулық пен ынтымақтың символы ретінде аудан тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

image-23-03-26-01-59-5

image-23-03-26-01-59-4

image-23-03-26-01-59-10


Нұрғали Төлегенов,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале