Ташкент қаласында аграрлық саладағы ынтымақтастықты нығайтуға, инвестиция тартуға және озық технологияларды енгізуді талқылауға арналған «Италия – Орталық Азия (C5) + Әзербайжан» бизнес-форумы өтті. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жазды.

Форум жұмысына Италиядан, Орталық Азия елдерінен және Әзербайжаннан келген іскер топтардың өкілдері, инвесторлар мен сарапшылар қатысты. Халықаралық агрофорумда Қазақстан атынан Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы сөз сөйледі.
Талқылаулар барысында аграрлық секторды дамытудың негізгі бағыттары, оның ішінде инновациялық шешімдерді енгізу, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және климаттың өзгеруіне бейімделу мәселелері қарастырылды.
Халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге, тәжірибе алмасуға және инвестиция тартуға ерекше мән берілді. Бұл тұрақты агроэкожүйелерді дамытуға және азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді.

Форум қорытындысы бойынша қол жеткізілген келісімдерді бекітетін және агроазық-түлік саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған нақты қадамдарды айқындайтын қорытынды коммюнике қабылданды.