27.03.2026, 15:30
Оқылды: 11

Дәстүр мен технология тоғысқан дода

Жақында Оралдағы «Жайық арена» спорт кешенінде оқушылар арасында «NatRoboCom-2026 (National Robotics Competition)» роботтық техника жарысының облыстық кезеңі өтті. 

WhatsApp Image 2026-03-26 at 12.19.02

Бұл іс-шара өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарды насихаттау, олардың заманауи технологияға деген қызығушылығын арттыру және дарынды балаларды анықтау мақсатында ұйымдастырылды.

Аталған байқау – дәстүр мен жаңашылдықты ұштастырған ерекше алаңға айналып, қатысушыларға өздерінің инженерлік қабілеттерін, шығармашылық ойлауын және ұлттық мұраға деген құрметін қатар көрсетуге мүмкіндік берді. Жарысқа 8-18 жас аралығындағы 84 оқушыдан құралған 43 команда қатысты. Қатысушылар жарыс барысында өздерінің инженерлік ойлау қабілетін, шығармашылық белсенділіктерін және командалық жұмыс дағдыларын жоғары деңгейде көрсетті.

Сайыс төрт бағыт бойынша өрбіді. Атап айтсақ, «Робо асық ату», «Робо арқан тартыс», «Робо қыз қуу», «Робо ақ сүйек». Әр бағытта оқушылар ұлттық ойындардың мазмұнын роботтық модельдеу арқылы жаңаша  түрде  ұсынды.

Жарыс барысында қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, тың идеялар мен креативті шешімдерді көрсете білді. Қазылар алқасы әр команданың жобасын жан-жақты бағалап, үздіктерді анықтады.

Жарыстың нәтижесінде жүлдегерлер арнайы дипломдармен марапатталып, жеңімпаздар республикалық кезеңге жолдама алды.

 

БҚО білім басқармасы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале