
Сурет: massaget.kz
Егер гель-лак жиі жағатын болсаңыз, тырнағыңыздың бояусыз табиғи қалпын ұмытып қалған да болуыңыз мүмкін. Алайда дәл тырнақтың бейнесі жыл сайын әлем бойынша мыңдаған адамның өмірін жалмайтын қатерлі дертті аңғаруға көмектеседі.
Тырнақтағы қара тік жолақ
Бұл - тырнақ меланомасының ең жиі кездесетін белгілерінің бірі. Жолақтың түсі мен ені уақыт өте өзгеруі мүмкін, бастапқыда зиянсыз көрінуі де ықтимал. Бірақ ол жоғалмай, керісінше кеңейе берсе, міндетті түрде дәрігерге көріну керек.
Қара көлденең жолақ
Кейде қатерлі ісік тырнақтың ортасында пайда болған қоңыр не қара көлденең сызық түрінде де байқалады. Мұндай белгі көбіне аяқтың бас бармағында кездеседі.
Хатчинсон белгісі
Тырнақ жиегіндегі, тырнақ астындағы немесе саусақ ұшындағы терінің қоңыр не қара түске боялуы да қауіпті белгі.
Ауру туралы тағы не білген жөн:
Дәрігерлердің айтуынша, ауруды ерте анықтау осы диагноз қойылған науқастардың өмір сүру мүмкіндігін 15 пайыздан 95 пайызға дейін арттырады.