31.03.2026, 14:30
Оқылды: 16

Былтыр Бөрлі ауданында кене шағып алуының 40 жағдайы тіркелген

Көктем келіп, күн жыли бастаған кезде кененің шағу қаупі ұлғаяды. Кененің қауіпті маусымы – мамыр мен маусым айлары. Кене неліктен қауіпті? Аудан аумағындағы таралымы қандай? Осы және басқа да мәліметтерді адандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Гүлбақыт Наурызалина айтып өтті.

hand in gloves holding small dangerous insects ticks caught in a test tube for research in the laboratory to detect the disease

Сурет: istockphoto.com

Күн жылынысымен серуендеу, саяхаттау, табиғатта болу кезінде кене шағу қаупі артады. Кене адамға  жабысады және  анестетикалық затты енгізгендіктен мүлдем ауыртпайды. Аш кене өте кішкентай – көкнәр тұқымының мөлшеріндей ғана болады. Ауданымызда өткен жылы кене шағу бойынша 40 жағдай тіркелді. Оның жартысын, яғни 50 пайызын 14 жасқа дейінгі балалар құрады,-дейді сала басшысы.

Кене энцефалиті табиғи ошақтық, вирустiк жұқпалы ауру деседі. Жалпы кененің шағып алғанын, оның денеде бар екенін қалай білеміз? Және қандай ем-шаралар мен алдын алулар жүргіземіз?

- Кене шаққан кезде адамның басы қатты ауырып, дене қызуы 37-39 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Тіпті, дене қалтырап, тері бөртіп қызаруы да мүмкін. Сондай-ақ бұлшықет ауырып, адамның тыныс алуы қиындайды. Адамның тамаққа деген тәбеті жоғалып, жиі шаршайды. Кене адамды шаққан кезде, сілекейімен бірге қанға жұқпалы вирустар енуі мүмкін. Бұл – адам өміріне өте қауіпті. Тіпті адам өліп кетуі мүмкін. Теріге енген кенені бірден алып тастау оңай емес. Сондықтан дәрігердің көмегі қажет, - деді Гүлбақыт Халыққызы.

Сала мамандарының айтуынша, кененің негізгі қорегі – қан. Сондықтан бұл жәндіктер адамдар мен жануарларды қан сору үшін шағады.

Кене шаққан жағдайда ең дұрысы дереу дәрігерлерге қаралып, медициналық көмекке жүгіну керек. Өз бетінше кенені толығымен алу мүмкін емес. Кененің басы жұлынып, денеде қалуы мүмкін, әрі жәндіктің уы денеге тарап кетеді. Сонымен қоса, кенені өздігінен алып тастасаған жағдайда, оның жұқтырғыштығын білу мүмкін болмайды. Сондықтан да оны тексеру үшін маманға бару керек.

 

                                                                                                                         Сәнім Көшекбайқызы,

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале