Ақжайық ауданының Жамбыл ауылдық округіндегі Үштөбе ауылында жасөспірімдер арасында көкпар ойыны өтті. Тартысты бәсекені өткізуге аудандық «Жігер» спорт клубы мұрындық болды.
«Батыс» және «Қыран» командаларының жолдастық кездесуінде алғашқысы басымдық танытты.
- Жергілікті жерде ат құлағында ойнайтын талапты жеткіншектер аз емес. Олардың шеберлігін шыңдап, ат спортын дамытуға жан-жақты жағдай жасау - ұлттық өнердің болашағы үшін маңызды, - дейді жарысты ұйымдастырушылар.
Бекем БЕКҰЛЫ
Ақжайық ауданы
zhaikpress.kz