Жинақтың авторы – ақжайықтық еңбек ардагері Жаңылғаным Ахмулдина. Еңбектің тұсаукесер рәсіміне орай ақындар айтысы ұйымдастырылды.
Кітапта ақынның «Жеңіс туы», «Ақ таңдарым», «Көктем келді», «Ойланамын», «Ақын жаны тебіреніп...», «Жыр-шашу» секілді өлеңдері жинақталған.
Ауданымызда талай игілікті іс атқарылып келеді. Алмалыдағы бұл күн де рухани қайнарымызға құт болып қосылады. Аудан әкімінің орынбасары Тілек Ғабдушев осы хақында айтып, кеш иесіне сый-сияпат тапсырды. Алмалы әкімі Армат Хайруллин де Жаңылғаным Ахмолдақызын құттықтап, оған естелік сыйлық табыс етті.
Осыдан соң сахна төрі айтыскерлерге берілді.Қазылар алқасының шешімімен ақындар айтысындағы І орын А.Бисенғалиевқа, ІІ орын Т.Мықиға, ІІІ орын Б.Қаленовке берілді.
Болат ҚОСЖАНҰЛЫ
Ақжайық ауданы
Суреттерді түсірген Таңатар СӘРСЕНҒАЛИ.
zhaikpress.kz