1.04.2026, 16:45
Оқылды: 9

№29 кәріз-сорғы стансасының құрылысы күзге дейін аяқталады

ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі Ермек Маржықпаев Зачаган кентіндегі №29 кәріз-сорғы стансасын қайта құру барысымен де танысты. Аймақ басшысы Нариман Төреғалиев маңызды стратегиялық нысандар кезең-кезеңімен жаңғыртылып жатқанын жеткізді.

657599962_18597136984028162_78007467671756

Құны 1,7 млрд теңгені құрайтын жобаны «KazConstructionGroup» ЖШС жүзеге асыруда. Қазіргі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстарының 10%-ы орындалған. 18 мың пайдаланушыны қамтитын нысан алдағы жылу маусымына дейін пайдалануға берілмек. Ескі ғимарат та жөнделіп, қосымша резерв ретінде сақталады.

657272466_18597136

Жоба іске асырылған соң 2027 жылдың соңына қарай Зачаган кентінің су бұру жүйесі айтарлықтай жақсарады. КСС тәулігіне 14 700 текше метрге дейін сарқынды суды айдауға мүмкіндік береді. Бұл жүйеге жаңа абоненттерді қосуға және кенттің коммуналдық инфрақұрылымын тиімді басқаруға жол ашады.

 

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

65764955

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале