1.04.2026, 17:00
Оқылды: 15

БҚАТУ-да ғылым айлығы басталды

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «Ғылым айлығы-2026» іс-шаралары басталды.

DSC00299

Университеттің Индустриалды-технологиялық институтында Ғылым айлығы және Геологтар күніне орай «Қаныш Сәтбаев – ұлт мақтанышы» атты шара ұйымдастырылды. Геологиялық мұражайда өткен шараға институт директоры Асқар Бакушев, профессор-оқытушылар мен «Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру» білім беру бағдарламасының студенттері қатысты. Сонымен қатар «Зерек» орталығының жетекшісі Манарбек Жұмабай шараға қонақ ретінде шақырылды.

Ұйымдастырушылар алдымен геолог ғалым, геология-минералогия ғылымдарының докторы Қаныш Сәтбаевтың өмірбаянына тоқталып, отандық ғылымды дамытуға қосқан үлесі мен еңбек жолы туралы әңгімеледі. Ғалым туралы қызықты деректер келтірілді. Ал Манарбек Жұмабай «Қазақ қоғамының идеалы» деген тақырыпта баяндама жасады.

Өз кезегінде институт басшысы Асқар Асылғалиұлы әріптестерін атаулы күндермен құттықтап, геология – сұранысқа ие мамандық екенін атап өтті. Болашақ геологтарға өз салаларын жан-жақты меңгеруге тілектестік білдірді. Бұдан әрі іс-шара «Геологиялық квиз» атты интеллектуалды ойынмен жалғасты.

DSC00266

Бүгінгі таңда Жәңгір хан университетінде «Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру» білім беру бағдарламасы бойынша 200-ге жуық студент оқиды.

 

БҚАТУ баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале