2.04.2026, 10:45
Оқылды: 57

Батыс Қазақстанда той кортежі бірден 15 айыппұл арқалады

Батыс Қазақстан облысында Ақсай-Шыңғырлау автожолында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін әдейі бұзған үйлену тойының кортежін тоқтатты, - деп жазады kaz.inform.kz.

22d683c1-1640-45b9-9ae3-7797b3288f40
Фото: kaz.inform.kz

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Бөрлі ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері құқық бұзушыларды анықтап, жүргізушілер мен жолаушылардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бірнеше Toyota Camry, ВАЗ-2110, Volkswagen және BMW автокөліктері айып тұрағына қойылды.

— Тексеру барысында көлік салонынан тыс жолаушы тасымалдау, қозғалыс кезінде жолаушының көліктен тыс болуы, тиісті түрде тіркелмеген көлікті басқару, заңсыз қайта жабдықтау деректері анықталды. Барлығы 15 құқық бұзушылықтың жолы кесіліп, тиісті шаралар қабылданды, — деп хабарлады ведомстводан.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале