20.02.2017, 18:11
Оқылды: 30

Комиссия отырысы өтті

Теректі ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу комиссиясының отырысы өтіп, оған аудан әкімі М.Мұқаев, ауылдық округ әкімдері, мекеме басшылары мен қызметкерлері қатысты.


Комиссия отырысында көктемгі су тасқынының алдын алуға дайындық барысы пысықталды.  Бұл мақсатта 11 құрылым, 68 жеке құрам және 27 бірлік техника, 9 мотопомпа, 23 шағын электростанция аудан аумағында жұмылдырылатын болады.

Сонымен бірге, наурыз айында 3000 литр АИ-93 және 5000 литр дизель отыны, 3500 қапшық сатып алу қарастырылуда. Құралдардың дайындығы «Көктем-2017» оқу-жаттығу барысында тексерілетін болады.

Әділет ОРЫНБАСАРОВ

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале