2.04.2026, 16:30
Оқылды: 222

Батыс Қазақстанда Қараөзендегі су деңгейі 630 сантиметрден асты

Батыс Қазақстан облысында бастауын Ресейден алатын өзендердің бірі – Қараөзендегі су деңгейі соңғы тәулікте көтерілгені байқалады, - деп жазады kaz.inform.kz.

90a8ec11-89af-4623-9928-6aff4e90198a (1)
Фото: kaz.inform.kz

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының директоры Тілеген Шапановтың мәлім еткеніндей, Қараөзен Казталов ауданы Жалпақтал ауылы тұсында 632 сантиметрге (+25, қауіпті шегі – 820 см) жетті. Сондай-ақ Қайыңды ауылында 515 см (+27, 1 700 см) болды.

Казталов ауданы аумағымен ағатын Сарыөзендегі су деңгейі төмен, Қошанкөл тұсында 1 сантиметрге ғана (407 см, қауіптісі – 1 300 см) көтерілген.

Трансшекаралық Жайық өзені Ресейдің Орынбор қаласында 501 (+32, қауіптісі – 930 см), Електе 419 (+22, 890 см) сантиметрді көрсетті.

Жайықтың арыны Батыс Қазақстан облысы аумағында да қайта қойған жоқ. Соның ішінде Орал қаласында 315 (+42, 850 см) см болса, Ақжайық ауданы Мерген ауылында 455 сантиметрге жетті.

Сондай-ақ Шаған өзені Бәйтерек ауданы Чувашин ауылында 928 (+8, 1 300 см), Мичуринде 446 (+2, 1 100 см) сантиметр болды.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале