20.02.2017, 18:27
Оқылды: 49

Елбасы Жолдауын түсіндірді

Қазталов ауданында БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Миржан Сатқанов және Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзиннің қатысуымен Елбасының Жолдауын насихаттау мақсатында мекеме-кәсіпорын басшыларымен, қызметкерлермен жиын өтті.


- Елбасымыздың биылғы Жолдауында бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту, елімізде инвестициялық климатты нығайту, жаппай кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін одан әрі жетілдіру керектігі соның ішінде отбасылық кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы шараларды қолға алуымыз керек,-деді Миржан Мұнайдарұлы

Сонымен қатар өзінің саласы жайлы облыс көлемінде атқарылып жатқан жол құрылысы жайында баяндаған басқарма басшысы, қойылған сұрақтарына жауап берді.

Облыстық ақпараттық насихат тобының өкілдері Елбасы Жолдауын насихаттау бағытындағы кездесулер Қараөзен, Жаңажол ауылдық округтерінде де жалғасты.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ,

Жалпақтал ауылы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале